СҚО-да барлық автожолдар жабылып, ертеңгі сабақтар тоқтатылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты өңірден шығатын барлық автожолдар жабылып, 27 ақпан күнгі сабақтар тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«112» қызметі «Darmen» мобильдік қосымшасы арқылы өңір тұрғындарына ескерту таратты.

«Сағат 17.00-ден бастап ауа райының нашарлауына орай (желдің күшеюі, жаяу бұрқасын, жауын-шашын, көру мүмкіндігінің төмендеуі, көктайғақ) облыстың барлық автожолдарында көліктің барлық түрлерінің қозғалысына тыйым салынды», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ 27 ақпан күні бірінші ауысымдағы 1-11 сыныптарға сабақтар болмайтындығы хабарланды.

Айта кетейік, синоптиктер 27 ақпан күнге бірнеше өңірде ескерту жариялаған болатын. Ал ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті көктайғаққа байланысты 7 өңір тұрғындарынан сақтық шараларын қабылдауды сұрады.


Соңғы жаңалықтар