СҚО-да балықшының денесі резеңке қайықтың астынан табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында балық аулауға шығып, хабарсыз кеткен тұрғынның денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 11 қыркүйек күні 61 жастағы ер адам балық аулауға шыққан.

Туыстарына Мамлютка қаласынан алты шақырым жердегі Окунево көліне барамын деп айтып кетіпті. Алайда біраздан кейін онымен байланыс үзілген.

Ер адамды іздеуге бес құтқарушы жұмылдырылды. Балықшының денесі резеңке қайықтың астынан табылды.

Оның үстінде киім болған, жанынан қандай да бір жеке құтқару құралдары табылмады. Өлім себебі анықталып жатыр.

Жалпы шілде айында облыстың су қоймаларында 4 ер адамның мәйіті табылды. Араларында балықшылар да бар.


Соңғы жаңалықтар