СҚО-да балық қырылған көл суының сынамасы нені көрсетті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында экологтар мен «Қазгидромет» РМК филиалының мамандары балық қырылған Пестрое көлінен алынған сынамаларға талдау жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалының мәлімдеуінше, көл суынан алынған сынамаларға алдымен ластаушы заттардың бар-жоғы, содан кейін алабұғалардың қырылу себебін анықтау үшін зерттеу жүргізілген.

«23 физика-химиялық көрсеткіш бойынша талдау жүргізілді. Олар: судың температурасы, сутегі көрсеткіші, еріген оттегі, ОБТ5, суда қалқыған заттектер, түсі, мөлдірлігі, исі, құрғақ қалдық, хлоридтер, сульфаттар, гидрокарбонаттар, кальций, магний, қаттылығы, фторидтер, аммоний-ион, нитрат-ион, нитрит-ион, фосфаттар, жалпы темір, СББЗ, мұнай өнімдері. Барлық көрсеткіш бойынша қазіргі нормативтік құжаттарға сәйкес, нормадан асу жағдайлары анықталмады», - дейді Қазгидромет» РМК филиалының өкілдері.

Еске сала кетейік, кеше Петропавл маңындағы Пестрое көлінде қырылған балық жағаға шығып қалған болатын.

Экологтар тасымалдау кезінде өлген балықтар қалқып көл жағасына шығып қалған болу керек деп топшылап отыр. Өйткені көлге иелік етуші жақында су қоймасына балықтандыру шарасын жүргізген.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар