+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

СҚО-да балалар ойын-сауық орталықтары мен аквапарктің жұмысына рұқсат берілді

2021 жылғы 1 наурыз 21:14
Бөлісіңіз:
СҚО-да балалар ойын-сауық орталықтары мен аквапарктің жұмысына рұқсат берілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен 1 наурыздан бастап карантин шектеулері жеңілдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңа қаулы: Астана оқушылары төртінші тоқсанда қалай оқиды СҚО-да карантин талаптарын бұзғандарға 30 млн теңгеге жуық айыппұл салынды Қостанай облысында карантин талаптары жеңілдетілді

СҚО бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысына сәйкес отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым сақталып қалды. Жерлеу рәсімдеріне негізінен отбасы мүшелерінің ғана қатысуына рұқсат. Қоғамдық орындарда ара қашықтықты сақтап, маска кию міндеті де қалды.

Сондай-ақ әсерлі іс-шараларды өткізуге, көрмелер, форумдар, конференциялар, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын, банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойларды және басқа да көптеген адамдар жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынған.

Караоке, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, букмекерлік кеңселер, кальян-барлардың да қызметі уақытша тоқтатылған.

Санитариялық талаптарды сақтай отыра, адам санын асырмай діни нысандар, кітапхана, мұражайлар, медициналық орталықтар, косметологиялық қызметтер көрсететін сұлулық салондары, шаштараздар, білім беру, үйірмелер, фитнес залдары, бассейндер, жаттығу залдары, қоғамдық моншалар, сауналар жұмыс істей алады.

Сауда, ойын-сауық, сауықтыру орталықтары, сауда үйлері, қоғамдық тамақтану орындары, түрлі базарлар да санитариялық талаптарды орындай отыра жұмыс істейді.

Қоғамдық көліктің қызметіне, қатаң шектеу шаралары мен карантин енгізілген елді мекендерді қоспағанда, жолаушылар тасымалына қалааралық/облысаралық тұрақты автобустардың жүруіне рұқсат берілді.

Қонақ үйлер, отельдер, курорттық ұйымдар, демалыс үйлері-орталықтар, туристік орталықтардың және театрлардың, кинотеатрлардың, концерт залдардың қызметіне рұқсат берілді.

Сондай-ақ 1-5 сынып оқушылары да штаттық режимде білім алмақ, ал колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін екінші семестрден күндіз оқуға рұқсат берілді.

Бұдан былай толымдығы 30 %-дан аспайтын бильярд залдарының, 50 адамнан аспайтын балалар ойын-сауық орталықтарының, ойын алаңдары, жабық бөлмелердегі аттракциондардың және аквапарктің жұмысына рұқсат етілді.

Ұлттық құрамалар, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға рұқсат бар. Күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, бір уақытта 30 адамнан аспайтын облыстық командаларды дайындау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға және көрермендердің орын санын 20 %-ға ғана толтырып, спорттық іс-шараларды өткізуге рұқсат берілді.

Жұмыс істеуге рұқсат берілген нысандардың ішінде: халыққа байланыссыз қызмет көрсетуге арналған нысандар (көлік жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімдерді жөндеу, тігін ательелері, кір жуатын орындар, химиялық тазалау, кілттер жасау), бизнес-орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтерлік және консультациялық қызметтер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары), айырбастау пункттері, ломбардтар бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT