СҚО-да азық-түлік бағасы жыл басынан бері 7,3 пайызға қымбаттады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан азық-түлік бағасы 7,3%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 3,3 %-ға және ақылы қызметтер 2,8%-ға өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО статистика департаментінің мәліметінше, өңір бойынша инфляция 4,8% құрап отыр.

Жармалар – баға қымбаттауы бойынша бірінші орында тұр. Жыл басынан бұл өнім 19,4%-ға өскен. Жеміс-жидек 18,1%-ға қымбаттап, екінші орынға шықты. Ал үшінші орында 12,4%-ға қымбаттаған ұн тұр.

Жалпы қаңтар-қыркүйек айларында қант – 10,4%-ға, сүт өнімдері – 9,4%-ға, жұмыртқа – 9,1%-ға, ет пен ет өнімдері – 8,8%-ға, макарондар, майлар – 7,4%-ға, балық – 5,8%-ға және кондитерлік өнімдер 4,9%-ға қымбаттаған.

Темекі өнімдерінің бағасы 10,6%-ға, спирттік ішімдіктердің 7,4%-ға, алкогольсіз ішімдіктердің 5,6%-ға өскен.

Арзандаған күріш пен көкөніс, сәйкесінше 6,9 және 7,7%-ға баға түсті.

Жеке бас тауарлары - 6,8%-ға, құрылыс материалдары – 9,7%-ға, фармацевтикалық өнімдер 6,4%-ға, тұрмыстық техника – 3,4%-ға, киім мен аяқ киімнің кей түрі 2,7%-ға, кітап-газет, кеңсе тауарлары 1,8%-ға қымбаттаған.

Бензин бағасы 2,4%-ға артса, дизель отыны керісінше, 1,6%-ға арзандаған. Бағасы түскендердің қатарында коммуналдық қызметтер бар. СҚО тұрғындары жылу, суық су, газ, кәріз жүйесі үшін 5%-тен 2,1%-ға дейін аз төлейтін болған, алайда, электр қуаты 5%-ға қымбаттап отыр. Домофонды қолданғаны үшін алынатын төлем 12,9%-ға артқан.

Солтүстікқазақстандықтар үшін құқықтық қызмет, сақтандыру, шаш алғызу, білім алу және қоғамдық орындарда тамақтану бағасы да 10%-дан 4,4%-ға дейін қымбаттады.

Бұдан басқа СҚО-да теміржол билеті 5,2%-ға, автомобильмен жүру 1,9%-ға дейін қымбаттаған.


Соңғы жаңалықтар