СҚО-да ауылдардан 100 мың текше метр қар шығарылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Көктем 2021» республикалық командалық-штабтық жаттығуы барысында көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған бірқатар іс-шаралар атқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Көктем 2021» командалық жаттығуы практикалық іс-шараларды өткізуге барынша бағдарланған. Екі тәулік ішінде көктемгі су тасқыны қаупі бар жерлерде қажетті алдын алу жұмыстары атқарылды.

Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер, жергілікті атқарушы органдар, азаматтық қорғау қызметтері адамдарды шартты түрде су басқан тұрғын үйлерден эвакуациялау және оларды жылыту, ауыл шаруашылығы жануарларын айдап шығарып, арнайы орындарға орналастыру, су тасқыны салдарынан зардап шеккен электр желілеріндегі аварияны жою бойынша операцияларды пысықтады.


Су тасқынына қарсы іс-шараларға ерекше назар аударылды. Нәтижесінде екі тәуліктің ішінде су басу қаупі жоғары елдімекендерден 100 мың текше метрден астам қар шығарылды, халықтың әлеуметтік осал тобы - 93 отбасына үй маңындағы учаскелері қардан тазартылды. 48 арық, 23 канал, 45 су өткізу құрылысы дайындалды. Қолданыстағы бөгеттердің 700 метріне жөндеу жүргізілді, 1,5 км нығайтылды.

Бұған дейін СҚО-да 79 елді мекенді көктемде су басу қаупі бар екенін айтқан едік.


Соңғы жаңалықтар