СҚО-да ауыл мектептерінің аумағындағы камераларға қатысты жағдай тексерілмек

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстікқазақстандық полицейлер синтетикалық есірткілердің тарауына алаңдаулы, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, проблемалық мәселелер кеңесші органның отырысында талқыланған.

Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Жандос Басыбаев профилактикалық жұмыстар туралы айтты. Соның ішінде қаладағы оқу орындарына сенім жәшігін орнату туралы сөз қозғады. Олар синтетикалық есірткіні тарату туралы ақпаратты оқушылар мен студенттерден жасырын түрде жинауға бағытталған. Оның айтуынша, әзірге ондай фактілер туралы хат түспеген. Бірақ, полицейлер осындай жұмыс тәсілінің тиімді екенінен үміттеніп отыр.

Тәртіп сақшылары бірнеше жыл бұрын ата-аналардың көпшілігі жоғары сынып балаларын наркотестілеу жүргізуге қарсы болғанын атап өтті. Биыл бұл сауалнама жағдайдың өзгергенін көрсетіп отыр.

Биыл Петропавлда 400-ден астам наркограффити боялған. Полицейлер осындай жазуларды толтыруға көмектесетін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық өкілдерінің ықпалына үміт артып отыр. Осы бағытта еріктілер айтарлықтай көмек көрсетуде.

Бұл жұмыстар өз нәтижесін беріп жатыр. Былтыр облыста синтетикалық есірткінің артық мөлшерлену фактісі 52 рет тіркелсе, биыл бұл көрсеткіш – 28 болды, соның ішінде бесеуі – кәмелеттік жасқа толмағандар.

«Отырыста қауіпсіздікті қамтамасыз етуде видеобақылау жүйелерінің рөлі де талқыланды. Петропавлдағы барлық мектептер видеобақылау камераларымен жабдықталған. Полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ауыл мектептерінің аумағында камераларының орнатылуын тексеруді тапсырды», - деді баспасөз қызметінен.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар