СҚО-да әуе рейсін пайдаланушылар саны екі есеге артты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 2018 жылмен салыстырғанда ұшақ қызметін қолданушылардың саны екі есе артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Владимир Балахонцевтің мәліметінше, былтыр өңірде 39 мың адам барар жеріне жету үшін ұшақты таңдаған. Қазір Петропавл халықаралық әуежайынан Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларына ғана авиарейс бар. Ұшақ бұл қалаларға аптасына екі рет қана қатынайды.

«FlyArystan авиакомпаниясымен Алматы қаласына күнделікті ұшатын коммерциялық авиарейс ашу және екінші тоқсаннан бастап Петропавл-Шарм-эш-Шейх авиарейсын қайта жандандыру туралы алдын ала келісім жасалды», - дейді Владимир Балахонцев.

Теміржол тасымалында өзгеріс болмайды. «Петропавл-Есілкөл» және «Петропавл-Петухово» бағыттары сақталуы үшін биыл 750 млн теңге бөлінді. Бұл өткен жылдан 150 млн теңгеге артық. «Әлеуметтік маңызы бар» деп саналатын бұл бағыттар субсидияланып келеді.

Владимир Балахонцевтің сөзіне қарағанда, «Қазақстан темір жолы» ҰҚ» АҚ тарапынан талаптардың өзгеруіне байланысты шығын мөлшері артқан. Ал көлік байланысына биыл қосымша 200 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат бұрыннан бар сегіз және жаңадан ашылған үш бағытты субсидиялауға жұмсалады. Жалпы облыста тұрақты автокөлік байланысымен 491 елді мекеннің 482-сі қамтылған.









Соңғы жаңалықтар