СҚО-да аудандық полиция бөлімдерінің маңайындағы қоршаулар бұзылып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстарындағы аудандық полицейлер тұрғындарға сервистік қызмет көрсету үлгісіне өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, М.Жұмабаев атындағы ауданда полиция бөлімінің аумағындағы қоршаулар алынып тасталды. Осылайша, полицейлер ашықтық пен айқындық жолына тағы бір қадам жасамақ. Аудандық полиция бөлімі бастығының кабинеті екінші қабаттан бірінші қабатқа көшірілді.

Аудандық полицейлер фронт-кеңсе жұмысын оңтайландырып жатыр. Ол ғимараттың кіреберісінде орналасқан және барлық қажетті құралдармен жабдықталған.

«Аудандағы қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алуға полиция бөліміндегі бейнебақылау орталығы айтарлықтай ықпал етуде. Орталықтағы 70-тен астам бейнекамера онлайн режімде көрсетіліп тұр. Шағын жедел басқару орталығы (ЖБО) қажетті деректер базасымен қамтамасыз етілген», - деп хабарлады баспасөз қызметі.


Полиция департаментінің бастығы Берік Біләлов М.Жұмабаев ауданына жұмыс сапары кезінде азаматтарды қабылдап, халыққа қызмет көрсету орталығына барды. Мұнда халыққа ыңғайлы болу үшін аудандық полицияның тіркеу-емтихан бөлімі көшіп келген.





Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар