СҚО-да «Adal kómek» жобасы іске қосылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсетуді мақсат еткен «Adal kómek» жобасы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, жаңа жоба волонтерлер жылы аясында ашылды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің СҚО бойынша департаментінің бастамасы. Жоба бойынша азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруды, сонымен қатар өмірлік маңызды мәселелерді шешуде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына құқықтық көмек көрсетіледі.

«Тұрғындардың көпшілігі құқықтары бұзылған кезде кіммен байланысатындығын, мәселесі қай мемлекеттік органның құзыретіне кіретінін және шағым беру тәртібін білмейді. Көп жағдайда тиісті органға арыздың сауатты жазылуы нәтижеге әсер етеді», - дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары.

«Adal kómek» жобасына Агенттіктің қызметкерлері, тәжірибелі заңгерлер, адвокаттар, нотариустар, сондай-ақ студенттер, магистранттар, докторанттар, жоғары оқу орны заң факультеттерінің оқытушылары волонтер ретінде қатысып, тұрғындарға сұрақтары бойынша тұрақты түрде тегін кеңес береді.

СҚО тұрғындары өз мәселелері бойынша әр сенбіде сағат 10.00-13.00 аралығында Петропавлдағы «ANTIKOR ORTALYǴY» сервистік орталығына хабарласуларына болады.


Соңғы жаңалықтар