+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

СҚО-да Абайдың мерейтойына орай өтетін іс-шаралар жоспары бекітілді

2020 жылғы 24 қаңтар 18:04
Бөлісіңіз:
СҚО-да Абайдың мерейтойына орай өтетін іс-шаралар жоспары бекітілді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылатын маңызды іс-шаралар жоспары бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Эстонияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары жарыққа шықты Әбу-Дабиде «Абай» мәдени-танымдық залы ашылды Қазақстандық композитор «Абай сыры» атты күй шығарды

СҚО-да Абайдың мерейтойына арналған іс-шаралар ақпан айында ресми түрде бастау алады. Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының мәліметінше, ақпанда С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық конференция өтпек. Бұдан басқа «Абай әлемі» атты көрме, «Поэзия – тіл әміршісі» әдеби кеші жоспарланған.

Петропавлда наурызда өтетін дәстүрлі ақындар айтысы республикалық деңгейде ұйымдастырылып, биыл Абайдың құрметіне арналмақ. Ал Николай Погодин атындағы облыстық орыс драма театры өз көрермендеріне «Путь Абая» спектаклінің тұсаукесерін ұсынбақшы. Балалар арасында «Ұлы Абайдың мұрасы» атты облыстық көркем шығармашылық байқауы өтеді, оның қорытындысы кейін фотоальбом болып шығарылмақ.

Сәуір айында өңір тұрғындары Абайдың өмірі және шығармашылығымен жақынырақ танысуға мүмкіндік алады. «Абай – дана, Абай – дара» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылып, ол жыл соңына дейін барлық ауданды аралап шығады. Мамыр айында «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Қызылжар өңіріне «Абайдың асыл мұрасы» жылжымалы көрмесімен келмек.

СҚО-дағы мәдени орындардың барлығы дерлік Абайға арналған іс-шараларды өткізуге атсалысады. Мәселен, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар-жасөспірімдер кітапханасы Ресейдің Қорған облысымен online байланыс орнатып, ұлы ақынның шығармашылығына арналған конференция өткізеді. Күзге таман С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры өздерінің ХХII театр маусымын «Абай жолы» қойылымымен ашпақ.

Қазан айында Ресейдің Түмен облысында Абай күндері ұйымдастырылса, қарашада «Абай оқулары» өтеді деп жоспарланған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT