+7 (701) 759 90 19
USD 433.15 EUR 515.06
RUB 5.61 CNY 66.06
Jańalyqtar

СҚО-да 9 өнер ұжымы «халықтық» дәрежесін алды

2021 жылғы 16 ақпан 15:40
Бөлісіңіз:
СҚО-да 9 өнер ұжымы «халықтық» дәрежесін алды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында көркемөнарпаздар ұжымының 9-ы – «халықтық», тағы 5 ұжым «үлгілі» дәрежесін алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы музыка мектебінің оркестрі Башқұртстанда өткен халықаралық конкурстың Гран-приін иеленді Димаштың тағы бір әні цифрлық платформаға шықты

Былтыр СҚО-да 14 ұжым «халықтық» және «үлгілі» мәртебесін алу үшін өтініш берді. Олардың біреуі – қалалық, қалғаны ауылдық көркемөнерпаздар. Сондай-ақ бесеуі – балалар көркемөнерпаздар ұжымы.

«Халықтық» дәрежесін алу үшін әртістердің жасы 18-ден асуы керек. Ал балалардың өнер ұжымдарына «үлгілі» атағы беріледі. «Халықтық» дәрежені алудың бірнеше талабы бар. Ең біріншісі – ұжымның құрылғанына 5 жылдан кем болмауы керек. Осы аралықта олар үздіксіз өнер көрсетуі қажет. Жоғары орындаушылық шеберлік, репертуары ауқымды, әдемі костюмдері болуы керек. Материалдық-техникалық базасы ескеріледі. Дәрежені аларда олар 9 концерттік нөмірді ұсынады. Құрамында Мәдениет және спорт министрлігінің бас сарапшысы бар комиссия ұжымдардың өнерін сарапқа салды», - дейді СҚО халық шығармашылығы және мәдени-бос уақыт қызметі орталығының бөлім жетекшісі Татьяна Зацаринина.

Өтініш бергендердің бірі – Тимирязев ауданындағы Меркель отбасылық триосы. Ұжымның көркемдік жетекшісі Андрей Меркель Тимирязев аудандық мәдениет үйін басқарады. Отбасылық триоға Андрейден басқа оның әкесі және анасы кіреді. Өткен ғасырдың жетпісінші жылдары құрылған өнер ұжымы енді «халықтық» дәрежесін алып отыр.

«Әкем Андрей 1972 жылы Тимирязев ауданына қоныс аударды. Осы жерде анаммен кездесіп, отбасын құрды. Олардың екеуі де өнерге жақын. Әкем музыка жазады, анам өлең шығарады. Мен олардың туындысын музыкалық өңдеймін. Әкем сондай-ақ пернелі музыкалық аспаптарда, гитарада ойнайды. Мен есімді білгеннен фортепиананы меңгердім. Аздап гитара мен баянда ойнаймын. Біз тек қана өзіміздің авторлық әндерімізді орындаймыз», - дейді Андрей Меркель.

Олардың әндері негізінен Отан, махаббат, отбасы, туған жерге сүйіспеншілік туралы.

«Халықтық» атағын алғанымызға мен ең алдымен ата-анам үшін қуандым. Олар мәдениет саласына көп өмірін арнады. Әкем аудандық мәдениет үйінде қаншама жыл көркемөнерпаздар ұжымын басқарды. Олар көптеген байқаулардың жеңімпаздары. Біздің трио да түрлі жеңістен кенде емес. Еңбегіміздің еленгеніне қуаныштымыз», - дейді Меркель отбасылық триосының көркемдік жетекшісі Андрей Меркель.

СҚО-да 200-ден астам көркемөнерпаздар ұжымы болса, соның 88-нің «халықтық», «үлгілі» дәрежесі бар. Олардың 27-сі қалалық болса, қалғаны - ауылдық.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT