+7 (701) 759 90 19
USD 433.55 EUR 515.53
RUB 5.62 CNY 66.25
Jańalyqtar

СҚО-да 70 адамның ғана қызметтік қаруды сақтауға құқығы бар

2021 жылғы 3 наурыз 02:49
Бөлісіңіз:
СҚО-да 70 адамның ғана қызметтік қаруды сақтауға құқығы бар

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында қызметтік қаруға қатысты заңдылықты бұзудың 10 дерегі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Кореяда бала туу көрсеткіші әлемдегі ең төменгі деңгейді көрсетті Қазақстанда Қожа Ахмет Ясауи туралы телехикая көрсетіледі Барлық қалалардың орталығынан Әлихан Бөкейхан атына лайықты көше берілуі керек - Қазыбек Иса

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде 22 ақпан мен 5 наурыз аралығында «Қызметтік қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Қазіргі уақытта СҚО-да қызметтік қаруды сақтауға және пайдалануға құқығы бар 70 заңды тұлға тіркелген. Күзетшілер, инкассаторлар мен басқа ұйымдардағы қызметкерлердің қарамағында 1299 қару бар. Іс-шара аясында осы қызметтік қарудың сақталуы тексеріледі. Жалпы операция басталғалы тәртіп сақшылары қызметкерлеріне қызметтік қару ұстау рұқсат етілген 62 нысанды тексерді.

« Заңды тұлғалардың қаруды ұстауға қатысты жауапкершілігін байқауға болады. Полицейлер жеке күзет кәсіпорындарының қызметін тұрақты негізде бақылайды, бұл қызметтік қаруды сақтау және алып жүру ережелерін қадағалауға мүмкіндік береді. Дей тұрғанымен, операция басталғалы ереже бұзудың 10 дерегі анықталды. Яғни, қаруды дұрыс сақтамаған немесе тіркеу мерзімі өтіп кеткен. Барлық басшыларды қызметтік қару айналымы саласындағы заңдылықты қатаң сақтауға шақырамыз », - дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Болат Жексембинов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT