СҚО-да 7 мыңнан астам адам мерекеге орай бір реттік әлеуметтік көмек алады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында 7 мыңнан астам әйел халықаралық әйелдер күніне орай біржолғы әлеуметтік көмек алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, мерекеге орай әйелдердің белгілі бір санатына бір реттік әлеуметтік көмек көрсетіледі.

«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен, I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған көп балалы аналарға 10 АЕК - 29170 теңге беріледі. Ал 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға 5 АЕК – 14585 теңге біржолғы әлеуметтік көмек төленбек.

Көмектің осы түрімен өңірде 7 мыңнан астам адам қамтылады. Осы мақсатқа 175,2 млн теңге жұмсалмақ.


Соңғы жаңалықтар