СҚО-да 670 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 4 жылда 670 мың га ауылшаруашылық жері мемлекет меншігіне қайтарылған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жерді тиімді пайдалану - біз үшін маңызды мәселе. Президенттің «Дұрыс жұмыс істемейтіндердің жерін қайтарып алу керек» деген тапсырмасы бар. Аймақта соңғы 4 жылда 670 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұрын заң бойынша қолданылмаған жерлер 5 жылда қайтарып алынатын, қазіргі заң бойынша 2 жылда қайтарып алынады», - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Оның айтуынша, бұл заңды әлі де жетілдіре түсу керек.

«Өңір - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша көшбасшылардың бірі. Соңғы 3 жыл ішінде ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 1,3 есеге - 411 млрд теңгеден 516 млрл теңгеге дейін өсті», - дейді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін СҚО-дағы баспана мәселесі туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар