СҚО-да 570 тұрғынға КТ мен МРТ тегін жасалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жалдамалы және маусыммен істейтін жұмысшылар тегін медициналық қызметті алмай қалуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ӘМСҚ» СҚО бойынша филиалының баспасөз қызметінің мәліметінше, жалданып және ауысыммен жұмыс істейтін қызметкерлер жұмыс берушілерінің МӘМС жүйесі аясында олар үшін ақша аударғанын қадағалап, өзінің сақтандыру мәртебесін анықтағаны жөн.

1 сәуірден бастап сақтандырылмаған азаматтар МӘМС пакетіне енген магниттік-резонанстық, компьютерлік томографиядан, қымбат тұратын зерттеу мен операциялардан, сондай-ақ ТМККК тізбесіне кірмейтін аурулар кезінде жоспарлы стационарлық, стационар алмастырғыш көмек сияқты медициналық қызметтен қағылады.

Қаңтар айының қорытындысы бойынша облыстың 570 тұрғынына магнитті-резонансты және компьютерлік томография тегін жасалған. Осы мақсатқа қордан 8 млн теңге жұмсалды. Былтыр осы аралықта бұл қызметті облыстың 72 тұрғыны ғана алған еді.

Медициналық көмектің толық көлемін алу үшін соңғы үш айда қорға жарна аударуы тиіс. Өз қызметкерлері үшін жұмыс берушілер аударым жасайды. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар бүгінде барлық емханаларда, көпбейінді ауруханалардың стационарларында орналастырылған терминалдарда, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктерде, «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде және мобильдік қосымшалар арқылы өздері төлем жасайды.

Облыста соңғы бір жылда 166 300 адам қорға аударым жасады. Алайда олардың 22 мыңнан астамының МӘМС пакеті шеңберінде медициналық көмекті алмау қаупі бар. Өңірдегі 1 314 кәсіпорын және төрт мыңнан астам жұмыс беруші тиісті төлемді тұрақты аудармай отыр.

Былтыр 24,5 мың салық төлеушіден 3 млрд жуық теңге МӘМС үшін жарна түскен. 2020 жылғы 31 қаңтардағы берешек 35 млн теңгені құраған, оның ішінде 558 заңды тұлға 29 млн теңге және 756 жеке кәсіпкер 6 млн теңге қарыз. Берешектің негізгі үлесі - 68% инвесторлармен жұмыс істейтін кәсіпорындарға тиесілі, 24 млн теңгені құрайды.



Соңғы жаңалықтар