СҚО-да 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облсындағы Обухов тау-кен байыту комбинатында еңбек етіп жүрген 500 адам жұмыссыз қалуы мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бірнеше күннен бері кәсіпорындағы жұмыс тоқтап тұр. Жергілікті полиция қызметі аталған компания көліктерінің жүк тасымалдауына тыйым салған.

Айта кетерлігі, Обухов – әлемдегі бірегей кен орны саналады. Мұндай қазба байлықтары еш жерден табылған емес. Титан- цирконий өндіріледі. Шикізат негізіен экспортқа шығарылады.

Кен орны қызметі қайта тоқтады. Себебі, шикізатты кәсіпорын аумағынан шығарған бойда тәркіленеді.

80 тонна цирконий концентраты салынған қаптар теміржол арқылы Ресей мен Қытайға экспортталуы тиіс еді. 17 млн теңгенің тауары полиция бөлімшесі ғимаратының сыртында тұр. Екі күн бұрын жүк заттай айғақ ретінде тәркілеген.

«3 маусымнан бері күн сайын біздің жүк тасымалдайтын көліктер тоқтатылады. Себебі түсіндіріліп жатқан жоқ. Алдыңғы күні түнде полиция концентратты алып қойды. Біз «Тиолайнның» емес, өзіміздің мүлікті шығарып жатырмыз. Оның барлығын дәлелдейтін құжаттар бар. Бізге жұмыс істеуге мұрша берсе екен», - дейді «Обховский ГОК» серіктестігінің директоры Данил Долгалев.

Жүргізушілер мүліктің «Тиолайн-ға» емес, «Обуховский ГОК» серіктестігіне тиесілі екенін растайтын құжаттарын көрсетсек те назарға алмайды, заңсыз тоқтатуды доғармай жатыр, дейді.

Мамандар концентратты ашық аспан астында сақтауға болмайды, ауаға радиоактивті элементтер таралады деп отыр.

Келлеровка ауылына жиналған жұрт полициядан тәркіленген жүкті қайтарып беруді талап етті. Өйткені былтыр да осылай 100 тонна концентрат тәркіленген. Бірақ, кері қайтарылмаған. Комбинаттағы жағдай жуық арада түзелмесе жарты мың жұмысшы осы айда жалақысыз қалуы мүмкін.

«Обухов тау-кен байыту комбинаты» серіктестігі жалақы көрсеткіші жөнінен облыс бойынша бірінші орында тұр. Алайда 500 адам «кәсіпорын жабылып, жұмыссыз қаламыз ба» деп алаңдаулы.

Соңғы жаңалықтар