СҚО-да «3d-Волонтер» жобасы аясында оқыту семинары өтті

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында волонтерлік қозғалысты дамыту мақсатында «Мен волонтермін» атты оқыту семинары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған іс-шараға қатарға жаңадан қосылған 46 жас қатысты. Семинарға қатысушыларға ҚХА волонтерлік қозғалыс орталығының имидждік белгілері: күртешелері, логотип белгілері берілді.

«СҚО Қазақстан халқы Ассамблеясының волонтерлер қозғалысының орталығы биылғы Волонтер жылына орай бірегей жобаларды жоспарлаған. Іс-шаралар жастарды дамытуға, олардың бойында ізгі қасиеттерді дамытуға бағытталған. Шерри Андерсонның сөзімен: «Волонтерлер еңбекақыны пайдасы жоқтықтан емес, баға жетпейтін құнды болғандықтан алмайды» деп айтар едім», - дейді СҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі Мұратбек Зейнуллин.


СҚО ҚХА баспасөз қызметінің мәліметінше, «Мен волонтермін» оқыту семинары «3d-Волонтер» жобасы аясында ұйымдастырылды. Кеңестің мүшесі Мария Татаренконың айтуынша, жаңа жобаның мақсаты өңір жұртшылығы арасында волонтерлік қозғалысты насихаттау, қатарға белсенді жастарды көптеп тарту. Жоба үш D-ның үйлесуі негізінде (development – даму) құрылған. Яғни, өзін-өзі дамыту, айналадағыларға көмек көрсету және ауқымды жобалар мен іс-шараларды ұйымдастыру.

Оқыту семинары үш сағатқа созылды. Жастар ұжым болып жұмыс істеуді үйреніп, волонтерлік жұмыстың алғышарттарымен танысты.

Мұндай тренингтер болашақта да ұйымдастырылады. Өйткені волонтерлер жұртпен тіл табысып, қоян-қолтық жұмыс істеп, түрлі іс-шараларды ұйымдастыра білуі қажет.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «3d-волонтер» бірегей жобасының басты мақсаты да осы.


Соңғы жаңалықтар