+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

СҚО-да 300-ден астам ірі қара мал бруцеллез жұқтырды

2021 жылғы 23 қыркүйек 12:40
Бөлісіңіз:
СҚО-да 300-ден астам ірі қара мал бруцеллез жұқтырды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 311 ірі қара мал бруцеллезбен ауырды, қазір олардың иелері өтемақы алуға құжаттарын тапсырып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Петропавлда тұрмысы нашар 140 отбасы полиция есебінде тұр Қайырымдылық қанымызда бар – Сәуле Оразова СҚО-да вакцинация паспортын қолдан жасаған медқызметкер сотталды

СҚО ветеринария басқармасының мәліметінше, Есіл ауданында наурыз айынан бастап 124 ірі қара мал ауырса, Қызылжар аудандарында бруцеллез ауруының 101 жағдайы тіркелген.

«Бруцеллез анықталған жағдайда мал иесі Заң бойынша 15 күн ішінде түлікті төлімен бірге міндетті түрде санитарлық союға тапсыруы тиіс. Себебі

олар инфекция таратушы болып табылады, басқа жануарларға жұқтыруы мүмкін. Ветеринарлық қызмет жануарларды ет комбинатына дейін тегін жеткізеді. Кәсіпорын ауру малды жасына және жынысына қарай сатып алады», - дейді ветеринарлық қызмет мамандары.

Егер малдың еті мен ішкі мүшелерінде ауруға байланысты патологиялық өзгерістер болса, мал иелеріне орташа нарық бағасының 30 %-ы өтеледі.

Ет таза болған жағдайда он екі сағаттан кейін ол шектеусіз сатуға жіберіледі.

«Өтемақы заң бойынша белгіленген құжаттардың толық пакеті болған жағдайда ғана жасалады. Қазіргі уақытта 25 ірі қара малға байланысты 4 адамнан құжаттар қабылданды. Жалпы сомасы 2,1 млн теңге. Өтемақы тек қазан айынан бастап қана төлене бастайды», - дейді ветеринарлар.

Мамандардың айтуынша, биыл бруцеллезбен ауырған мал саны 117 басқа азайған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT