СҚО-да 3 мыңнан аса маскүнем полицияның есебінде тұр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полицейлер ай басынан 35 мыңнан астам пәтерді аралап шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы қыркүйектің бірі басталып, желтоқсанға дейін жалғаспақ. Учаскелік полиция инспекторлары осы аралықта үй-үйді аралап, тұрғындармен кездеседі, өз нөмірлері жазылған визиткаларын табыс етеді.

«Уақтылы полицияға жүгіну, әсіресе тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуде аса маңызды. Жыл басынан облыста отбасылық жанжалқойларға қатысты 1872 қорғау ұйғарымы шығарылды. Сот 468 құқық бұзушыға қатысты тәртібіне ерекше талап белгіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары қорқытып-үркітуге ұшырап немесе жанжалқойдың түзелемін деген уәдесіне сеніп қалып, полицейлердің көмегіне жүгінуге асықпайды. Тексеріс барысында учаскелік инспекторлар зорлық-зомбылық құрбандарын, олардың құқықтарын қорғау үшін заңмен көзделген шаралар туралы хабарландырады», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

СҚО-да 3018 адам маскүнем ретінде полицейлердің есебінде тұр. Ішімдікке тәуелді адамдарды қоғамға қайта қосудың бірден бір жолы – маскүнемдіктен емдеу. Соның бір мысалы, бұрын жатақханадағы көршілеріне тыныштық бермеген 58 жастағы қала тұрғыны. Ер адам жаман әдетін жеңіп, жұмысқа орналасқан. Қазір шағымдар тыйылды, ер адам қалыпты өмірге оралды. Алайда бәрі бірдей ерікті түрде медициналық көмекке жүгінуге келісе бермейді. Жыл басынан СҚО-да мәжбірлеп емдеуге 153 адам жіберілді. Мұны істеу үшін маскүнемнің туыстары учаскелік инспектормен байланысуы керек.

Бұдан бөлек, тексеріс кезінде полицейлер адамдарға интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша жаднамалар таратады. Соңғы кездері бұл кең тараған қылмыс түрлерінің бірі. «Учаске» операциясы аясында осы күнге дейін полицейлер 35 мың пәтерді аралап шақты.


Соңғы жаңалықтар