СҚО-да 23 жастағы жігіт күйіктен қаза болды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер түсініксіз жағдайда күйік алған 23 жастағы жігіттің өліміне қатысты тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 19 қараша күні СҚО-дағы Бескөл ауылында болған. Петропавлдың 23 жастағы тұрғыны төрт досымен жеке тұрғын үйлердің бірінде сауық құрған.

Жолдастарының айтуынша, сол күні таңертең ол от жағатын үйге темекі шегуге шығады. Біраз уақыттан кейін ол жерден жанған күйі атып шыққан. Достары оны сөндіріп алып, бірден жедел жәрдем қызметін шақырған. Ал от жағатын үйден еріткіш заты бар жанып жатқан канистрді тапқан.

Зардап шеккен жігіт аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өміріне араша түсе алмады. Ол сол күні кешке жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Бұл дерек Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне «Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу» бабы бойынша енгізілді.

«Сот-медициналық және өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Істің мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр», - дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімінің бастығы Әлихан Байқадамов.


Соңғы жаңалықтар