СҚО-да 14 мыңнан астам адам «Birgemiz» қорынан қаржылай көмек алды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Birgemiz» Қоғамдық Қоры арқылы шағын қалалар мен жеті ауданның тұрғындарына қосымша 160 млн теңге шамасында материалдық көмек көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan» партиясы СҚОФ баспасөз қызметінің мәліметінше, Булаев, Мамлютка, Сергеевка, Тайынша қалаларының және жеті ауданның тұрмысы төмен 3192 тұрғынына 159 млн 600 мың теңге төленді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жақында 50 мың теңге мөлшерінде бір реттік төлем жасаудың үшінші кезеңі ұйымдастырылмақ.

Мамандардың айтуынша, Қор төлем жасауда мемлекеттік органдар берген ресми мәліметке сүйенеді. Тізімді жергілікті жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері береді.

Акцияның бірінші және екінші кезеңінде тек Петропавл қаласынан ғана 11 мың отбасы бір реттік төлем - 50 мың теңгені алды. Бұл ақша екінші деңгейлі банктер арқылы алушының есепшотына түседі. Материалдық көмек жеткен кезде, телефонға: «Сіздің шотыңызға «Birgemiz» қорынан 50 000 теңге келіп түсті. #BizBirgemiz, Елбасы, «Nur Otan» деген хабарлама түседі.

Бұдан басқа СҚО-да «Jas Otan» жастар қанатының аясында 200-ден астам волонтер 1700 отбасыға азық-түлік қоржындарын, медициналық маскалар мен тұрмысқа бірінші қажеттіліктегі заттарды таратты.


Соңғы жаңалықтар