СҚО-да 100 мың теңге пара алған өрт сөндіруші сотталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» қызметкері парақорлығы үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаровтың айтуынша, СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің әскери жұмылдыру жұмысының бас маманы Е.К. Құлақпаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған. Ол «СОП Рысь» ЖШС директоры Т.С. Мұқышевтен қызмет көрсету бойынша міндеттемесінде, атап айтқанда, СҚО Мамлютка қаласындағы «НЗ» қоймасын күзетуде өрескел заңбұзушылық фактісіне қатысты шара қолданбағаны үшін 100 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген.

«17 наурызда Петропавл қалалық сотының үкімімен Құлақпаевқа 3 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Құлақпаевтың 2020 жылдың 8 ақпаны мен 16 наурызы аралығында қамауда болуын ескере отырып, айыппұл түрінде тағайындалған жаза 2 млн 607 мың 652 теңгеге дейін азайтылды», - деп хабарлады Данияр Бигайдаров агенттіктң онлайн режімдегі баспасөз мәслихатында.

Сотталушы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.


Соңғы жаңалықтар