СҚО-да 1,3 млн теңге пара алған полицей жазаға тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасарлары қатаң сөгіс алды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство мәліметінше, СҚО Шал ақын аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары төтенше жағдай режимі кезінде шетелдікті алып жүрген азаматтан олардың арлы-берлі жүруіне кедергі келтірмеу үшін 1,3 млн теңге пара алған. Осыған орай СҚО полиция департаменті бастығының бұйрығымен Шал ақын аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Б.Шаниев қызметінен қуылды және арнаулы атағынан айырылды. Ал аудандық бөлім бастығы, полиция подполковнигі қызметінен босатылды.

Мұнан бөлек, Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Қ.Айтбаев пен кадр жұмыс жөніндегі орынбасары полиция полковнигі Қ.Дәулетбаев әкімшілік жауапкершілікке тартылып, қатаң сөгіс алды.


Соңғы жаңалықтар