СҚО ауылдарында үй құсы қырылып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының 3 ауданында үй құсының жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, құстардың қырылуы Тимирязев ауданының Тимирязево және Элеваторный елді мекендерінде, Ғ.Мүсірепов атындағы Чернобаевка ауылында, Сухорабовка ауылында және Шал ақын ауданының Сергеевка қаласында анықталды. Барлығы 686 бас құс тіркелді. Олар үй иелерінің ауласында өртеліп, дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

«Ветеринарлық қызмет құстардан қан мен ішкі ағзаларын зертханалық тексеруге алды. Олар індеттің себебін анықтау үшін «Республикалық ветеринарлық лабораторияға» жіберілді. Облыс прокуратурасы жағдайды бақылауға алды. Тексеру шаралары жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті қадағалау органынан.


Соңғы жаңалықтар