СҚО әкімі нанның бағасын қадағалауды тапсырды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов нанның бағасын қадағалауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңір басшысы бұл мәселені әкімдік отырысында көтерді. Өткен аптада әлеуметтік желі қолданушылары нан өнімдері бағасының көтерілгенін белсенді талқылады. Облыс әкімдігінде нан бағасының өзгеріссіз қалғанын атап өтті. Облыс әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек атап өткендей, өңірдегі басты нан өндірушісі - Петропавл нан өнімдері комбинаты салмағы 500 грамдық «Городской» бөлкесін шығарып жатыр. Кәсіпорын ай сайын 45 мың бөлке шығарады. Оның бағасы 65-70 теңге.

«Нанның 50% астамы бірінші және жоғарғы сұрыпты ұннан пісірілетін «Особый» деп аталатын нан. Біздің мақсатымыз - нанның бағасын көтермеу. Осыны жүзеге асыру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз», - деді Қ.Ақсақалов.

Қ.Ақсақалов аудандарда нан бағасының қаладағыдан жоғары болмауы тиіс екенін басып айтты.

«Нан бағасы қатаң бақылауда болуы тиіс. Басқа азық-түлік түрлері бақылауға алынбайды, себебі, бұл - нарық. Халықтың жаппай тұтынатын өнімдерінің бағасы тұрақты болады», - деді Қ,Ақсақалов.

Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар