СҚО әкімі: Кәсіпкерлер мемлекеттік қолдауды жеткілікті пайдаланбайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің отырысында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір өңірде 30 мыңнан аса шағын және орта бизнес субъектілері бар. 2018 жылдың қорытындысы бойынша барлық салықтардың 56% шағын және орта бизнес өкілдері төледі. 537 млрд теңгенің өнімі шығарылды, өсім 3,6% құрады.

Өңір кәсіпкерлері негізінен сауда-саттыққа басымдық береді. Оның үлесі 40 %, ал өндіріспен тек 4 % ғана айналысады. Облыста кәсіпкерлікті қолдауға арналған мемлекеттің 46 бағыты бар. СҚО әкімінің пікірінше, кәсіпкерлік саласында оң көрсеткіштер болғанымен, белсенділік әлі де төмен.

«Мемлекеттік қолдаудың механизмдері жетерлік, кәсіпорындардың саны өсуде, салық түсімі көбейді, бірақ кәсіпкерлік белсенділік төмен. Бизнесмендерге бар жағдай жасалған. Тексерістерді азайттық. 2018 жылы 30%, биыл тағы 10 % қысқарды. Барлық процестер автоматтандырылып, күту уақыты қысқарды», - деді Құмар Ақсақалов.

Соңғы жаңалықтар