СҚО әкімі Бірлік күні мерекесінде би биледі

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған мерекелік іс-шаралар өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавлдағы орталық Қазақстан Конституциясы көшесінде этномәдени бірлестіктердің шеруімен мерекелік іс-шаралар басталды. Лекті облыс әкімі Құмар Ақсақалов басқарды.

Өңір басшысы өзінің құттықтауында әрбір солтүстікқазақстандықтың өңірдің дамуына қосқан үлесін және бірлік пен келісімді сақтауда және нығайтуда Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін атап өтті.

«Құрметті жерлестер! Бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Мерекелік көңіл-күй, мықты денсаулық, табыс, бақыт және амандық тілеймін», - деді Қ.Ақсақалов.

Орталық алаңда ұлттық мәдениет фестивалі өтті. Мұнда этномәдени бірлестіктер ұлттық тағамдар, киімдер, тұрмыстық заттар, ойындар ұсынды. Тігілген әр киіз үйге облыс әкімі кіріп шықты. Қонақтарды ән-күймен қарсы алды. Солардың бірінде Қ.Ақсақаловты қатысушылар биге шақырды.
nullnullnullnullnull

Петропавлда мерекелік іс-шаралар кешке дейін болады. Концерттік, ойын-сауық және спорттық бағдарламалар жоспарланған. Сондай-ақ, қолөнер шеберлерінің көрмелері өтеді. 

nullnullnullnull

Соңғы жаңалықтар