СҚО әкімі баспанасы өртенген ауыл тұрғындарына көмек көрсетілетінін айтты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов Желяково елді мекенінде шыққан өртке қатысты пікір білдіріп, баспанасыз қалғандарға көмек көрсетілетінін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі өз парақшасында зардап шеккендер көмексіз қалмайтынын жазды.

«Кеше Қызылжар ауданы, Желяково ауылында қураған шөп жанып, 3 тұрғын үй және бос тұрған 3 үй өртеніп кетті. Қатты жел жұмысты қиындатқанымен, өрт сөндірушілер оттың таралуына жол бермеді. Ауылда 51 үй бар. Өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер туыстарына уақытша орналастырылды, оларға қажетті көмек көрсетіледі», - деді Құмар Ақсақалов.

Қазір Қызылжар ауданының волонтерлері әлеуметтік желіде Желяково елді мекенінде баспанасыз қалған тұрғындарға жылу жинап жатыр. Негізінен ересек адамдарға арналған киім-кешек, тұрмыстық заттар, төсек-орын, ыдыс-аяқ қажет.

Естеріңізге салайық, кеше СҚО Қызылжар ауданындағы Желяково ауылында түс кезінде өрт шығып, 6 үй және бір қора-қопсы жанып кетті. Қатты дауылдың салдарынан өрт сөндірушілер жалынмен 7 сағат бойы күресті.


Соңғы жаңалықтар