СҚО әкімі: Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, мол астық жиналды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы саласының қызметкерлері бір жыл бойғы тынымсыз еңбектің қорытындысын шығарып, кәсіби мерекені салтанатты түрде атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстікқазақстандықтар жаз бойы маңдай термен өсірген астықты бір дәнін шашау шығармай қамбаға құйып алды. Ауа райы биыл өңір диқандарын әбігерге салғанымен, тынымсыз еңбек пен жаңа технологияларды қолдану өз нәтижесін берді. Биыл да шаруалар өңір қамбасына 5,1 млн тонна астық құйды. Сондай-ақ Қызылжар өңірі бүгінде ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруда ел бойынша көш бастап келеді.

«Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, біз мол астық жинадық. Гектар басынан 18 центнер өнім алынды. Бұл диқандардың қажырлы еңбегінің жемісі. Осылайша, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлесімізді қосып келеді», - деді Құмар Ақсақалов.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, облыста өңдеу кәсіпорындарының саны да жыл сайын артып келеді. Тек биыл өңірде үш цифрлы сүт фермасы пайдалануға берілді. Бірер жылда тағы оны салынады деп жоспарланған.

СҚО – ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартуда көшбасшы. Ғ.Мүсірепов ауданында 4 млрд теңгеге инвестициялық жоба жүзеге асырылды. «Kazmeal» ЖШС жылына 360 мың тонна жемазық шығарады. Заманауи зауыттың құрылысына тартылған инвестицияның жартысынан астамы – шетелдік әріптестердің қаржысы.

Мерекеге орай өңір басшысы 60 шақты агроөнеркәсіп саласының мамандарын марапаттады.

Соңғы жаңалықтар