«СҚ Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп 2 айға қамауға алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «СҚ Фармация» ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Берік Шәріп 2 айға қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Берік Шәріпке қатысты 2 ай мерзімге тұтқынға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», - деді елордалық соттың баспасөз хатшысы Ботагөз Баянова.

Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірінші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров «СК Фармация» ЖШС-ның бұрынғы Басқарма төрағасы ұсталып, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша тергеу изоляторына қамалғанын айтқан еді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын. Кейін «СҚ Фармация» қызметінде тексеру басталды.


Соңғы жаңалықтар