«СҚ-Фармациядағы» жемқорлық тәуекелдеріне талдау жасала бастады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Биылғы 7 шілдеде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «СҚ-Фармация» ЖШС қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдауды бастады. Ол ағымдағы жылдың 31 шілдесіне дейін жалғасады.

Талдауды Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, СҚ-Фармацияның қызметкерлері мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері жүргізеді.

Талданатын сала халық үшін өзекті және сезімтал екенін ескере отырып, «СҚ-Фармацияның» құзыретіне кіретін белгілі әкімшілік кедергілер, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен мән-жайлар туралы мәліметтерді [email protected], [email protected] электрондық мекенжайларына және 8-707-987-98-33 whatsapp байланыс нөміріне жіберуді сұраймыз», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Telegram-каналында.

Ведомстводан мәлім еткендей, келіп түскен ақпараттар жемқорлық тәуекелдерін анықтау және оларды жою бойынша ұсынымдар әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.

ЕГЕР СІЗГЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУРАЛЫ БЕЛГІЛІ БОЛСА, СІЗ 1424 CALL-ОРТАЛЫҒЫНА 24/7 РЕЖИМІНДЕ ХАБАРЛАСА АЛАСЫЗ.


Соңғы жаңалықтар