Сирияны қалпына келтіру үшін 180 млрд доллар қажет

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ Қаіпсіздік кеңесінде Сирияны қалпына келтіру үшін ірі көлемдегі халықаралық операция ұйымдастыру қажеттілігі жабық режімде талқыланды.

Мұндай операцияның қажеттілігі туралы мәлімдемені  БҰҰ-ның Сириядағы арнайы елшісі Стаффан Де Мистура жасады.

Кейбір бағалауларға қарағанда, елді қалпына келтіру үшін 180 миллиард доллар қажет.

Стаффан Де Мистураның баяндамасы барысында сирияаралық келіссөздерді тезірек қайта бастау мәселелері қозғалды. 

Соңғы жаңалықтар