Сириядан оралған шымкенттік бүлдіршіндер қоғамға бейімделуде

None
None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Сириядан соғыс аймағынан оралған шымкенттік бүлдіршіндер қоғамға бейімделуде.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен «Жусан» операциясы елге қайтарылған отбасыларды дәстүрлі құндылықтарға баулу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елге оралған Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығы мен қоғамдық қорлар, әлеуметтік-психологиялық, құқықтық қолдау орталықтары мен ұйымдар осындай жанұялармен кездесулер өткізуде. Дінтанушы және психолог мамандардың қастысуымен бейімдеу орталықтарында оңалтылып жатқан азаматтарға теологиялық әрі психологиялық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Осы тұста қуыршақ және жасөспірімдер театры да елге оралған балалардың жай-күйін назардан тыс қалдырмай, жазушы-драматург М.Байғұттың «Достық мектебі», И.Я.Златопольскийлердің «Ләйлек» қойылымдарын қойды. Қызықты қойылымды қызыға тамашалаған балақайлар түрлі ертегі кейіпкерлерін көріп, көңілді әуенге би биледі. Сахналық қойылым бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл күй мен зор қуаныш сыйлады.

Театр басшысы Бахтияр Әбілұлы балалармен кездесуде елдің болашағы өскелең екенін атап өтіп, оларды қандай жағдай болмасын, қоғамға бейімдеу, патриотизмге баулу, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыруды басты назарға алып, елге еңбек ету қажеттігін алға тартты. Қойылымнан кейін «Шымкент жақсылық ордасы» еріктілер қоғамы қайырымдылық шарасын өткізіп, «Шымкент – қайырымды қала» бастамасы арқылы күнкөрісі төмен отбасылардың балаларына қолдау көрсетті.

Соңғы жаңалықтар