Сирияда бомба қойылған мотоцикл жарылды: 12 адам зардап шекті

None
None
ИДЛИБ. ҚазАқпарат – Сирияның Идлиб қаласында бомба қойылған мотоцикл жарылып, салдарынан 12 адам жарақат алды, басым бөлігі - балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN Turk агенттігіне сілтеме жасап.

«Кешке қала орталығында белгісіз біреулер жарылғыш заттары бар мотоциклді жарып жіберген. 12 адам жарақат алды, көбісі – балалар», - делінген хабарламада.

«Ақ дулығалар» атты азаматтық қорғау тобы оларды жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Осы маңдағы азаматтар өртті өз күшімен сөндіруге тырысқан. Оқиғадан кейін 23:00-де сол ауданда бомба жарылды.


Соңғы жаңалықтар