Сирия мен Иракта жүрген қазақстандықтардың ата-аналарына балаларын қайтару тәртібі түсіндірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев соңғы жылдары балалары террористік белсенділік жоғары аймақтарға (Сирия-Ирак аймағы) шыққан ата-аналардың бастамашыл тобымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жекелеген мәселелерді жедел шешуді қамтамасыз ету үшін Астанада өткен кездесуге бірқатар мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері де шақырылды.

Министрліктің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кездесу барысында соғыс іс-қимылдары аймақтарында жүрген Қазақстан азаматтары болып табылатын әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балаларды іздеп-табумен және оларды отанына қайтарумен байланысты мәселелер талқыланды.

Министр Д.Кәлетаев және өзге мемлекеттік органдар өкілдері ата-аналар тобына ҚР азаматтарын елге қайтару мәселелері бойынша, сондай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеу жөнінде түсініктеме берді.

Кездесудің нәтижесі бойынша министрлік жанында тұрақты Жұмыс тобын құру және осындай кездесулерді тұрақты негізде өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

 

 

Соңғы жаңалықтар