Сирия қарулы оппозициясының өкілдері келіссөздерге қатысу үшін Астанаға келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сирия қарулы оппозициясының өкілдері келіссөздерге қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысы алдында ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сирия қарулы оппозициясының өкілдері бүгін таңертең Астанаға келіп жетті. Барлығы 24 адамнан тұратын делегацияға Ахмад Тома басшылық жасайды», - деді ол БАҚ өкілдеріне.

Сонымен қатар Әнуар Жайнақов бүгінгі кездесудің жалпы отырысы шамамен сағат 15.00-ге жоспарланып отырғандығын айтты.

Айта кетейік, кеше елордада барлық кепілгер елдердің делегацияларының қатысуымен Сирия бойынша Астана процесі аясында екіжақты және үшжақты келіссөздер басталған болатын.

Келіссөздердің осы раундына АҚШ делегациясы қатысудан қалыс қалған. Қазақстанның астанасына Башар Джаафаридің басшылығындағы үкімет делегациясы мен БҰҰ делегациясы келді. Сирия бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы уәкілі Стаффан де Мистура да кеше жетті.

Соңғы жаңалықтар