+7 (701) 759 90 19
USD 397.56 EUR 445.94
RUB 5.82 CNY 55.96
Jańalyqtar

Сирия бойынша Астана процесі ең тиімді алаң – Мюнхен конференциясы

2020 жылғы 15 ақпан 21:43
Бөлісіңіз:
Сирия бойынша Астана процесі ең тиімді алаң – Мюнхен конференциясы

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Сирия мәселесі бойынша Астана процесі ең тиімді алаң болып тұр. Бұл туралы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Конференцияның аясындағы сессия жұмысына қатысушылар Ресей мен Түркия арасындағы қарым-қатынас туралы сұрады.

Өз кезегінде С. Лавров екі арасындағы қатыныстар өте жақсы деңгейде екенін атап өтті.

Бұдан кейін ол Сириядағы қақтығыстардың туындауы мен осы дағдарысты шешудің мән-жайына жеке тоқталды.

«Бұл күрделі мәселенің түйінін шешуде Астана процесінің орны ерекше. Осы орайда өзінің елордасында қолайлы алаңды ұсынғаны үшін Қазақстанға шынайы алғысымызды айтамыз. Астана процесі жұмысын жақсы бастады, сондай-ақ қазіргі уақытта да ең тиімді алаң болып тұр», - деді Сергей Лавров Мюнхен қауіпсіздік конференциясының 56-шы отырысында.

Сонымен қатар, Ресейдің Сыртқы істер министрі Астана процесі Қауіпсіздік Кеңесінің қарарын ілгерілетуде БҰҰ-ға қолдау көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Сирия бойынша Астана процесінің 15-раунды 2020 жылдың наурызында өтеді. Бұл жайында Астана процесінің кепілгер елдері Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесінде айтылған.

Еске сала кетейік, Мюнхен қауіпсіздік конференциясының төрағасы Вольфганг Ишингер әлем көшбасшыларын БҰҰ-ның беделін нығайту ісіне белсенді атсалысуға шақырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT