Сирия босқындарының өз еліне оралуына көмек көрсетіледі - Астана процесі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана процесінің кепіл мемлекеттері халықаралық ұйымдарды Сириядан ауған босқындардың қайта оралуына көмектесуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Босқындардың қауіпсіз әрі ерікті түрде қайтып келуіне, оларды қайтып келу құқығымен қамтамасыз етуге және Сириядағы адамдардың ішкі қозғалысына көмектесудің маңызды екенін баса айтып отырмыз. Осыған байланысты, халықаралық қауымдастықты сәйкес қолдау көрсетуге шақырамыз және барлық мүдделі тараптармен, оның ішінде БҰҰ Босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссар басқармасымен, өзге де маманданған халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесуге дайын екенімізді мәлімдейміз», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко елордада Сирия бойынша келіссөздердің 13-раундында кепіл мемлекеттердің бірлескен мәлімдемесін оқу барысында.

Айта кетейік, елордада Сириядағы дағдарысты реттеу бойынша Астана процесінің 13-ші халықаралық кездесуі өтті. Бұған дейін Астана процесінің кепіл мемлекеттері Сирияға гуманитарлық көмекті арттыру қажеттігін атап өтті. Ал Сирия мәселелері бойынша келесі кездесу 2019 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өтеді.


Соңғы жаңалықтар