Синоптиктер төтенше жағдайға қарамастан қалыпты режімде жұмыс істейді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктер төтенше жағдайға қарамастан қалыпты режімде жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дүниежүзілік метеорологиялық қызмет (ДМҰ) директоры COVID-19 пандемиясын алдын алу шаралары бүкіл әлем бойынша ауа райы болжамының дәлдігіне теріс әсерін тигізеді деп мәлімдеген. Алайда ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» РМК бақылауды үздіксіз жүргізіп жатқанын хабарлайды.

2020 жылғы 16 наурыздан бастап Қазақстан Республикасында төтенше жағдай енгізілді, осыған байланысты барлық әлеуметтік-экономикалық салалардың жұмысы тоқтатылды, алайда «Қазгидромет» РМК бақылау желісінде жұмыс, 328 метеостанса, 352 гидрологиялық бекет, 140 экологиялық бекетте елдегі төтенше жағдайға қарамастан бақылау жүргізеді.

«Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында көктемгі су тасқыны және қардың қарқынды еруі, өзендердегі су деңгейінің көтерілуі және елді мекендерді су басу қаупінің жоғары болуы бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде, Қазгидромет қызметкерлері тәулік бойы бұрынғы режімде еңбек етеді, енгізілген төтенше жағдай қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді ауа райы болжамдары мен гидрологиялық болжамдар сапасына әсер етпейді.

Бақылау желісінен алынған нақты деректер мен ауа райы болжамдары бекітілген алгоритм бойынша мемлекеттік органдарға, комитеттерге және еліміздің басқа да тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін құрылымдарға жіберіледі, сондай-ақ ақпарат Қазгидромет ресми сайтында және әлеуметтік желі парақшаларында қол жетімді», делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар