Синоптиктер Нұр-Сұлтанда және өзге 7 өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 26 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.

26 қаңтарда Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, оның күші 15-20 м/с артуы ықтимал.

26-27 қаңтарда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болады.

26 қаңтарда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Солтүстік шығыстан жел соғады, күші күндіз 15-20 м/с жетеді.

26 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болжанады. Күндіз жекелеген аумақтарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с артуы ықтимал.

26 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. Шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

26 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

26 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші күндіз 15-20 м/с жетеді.


Соңғы жаңалықтар