Синоптиктер елордада және өзге 5 өңірде ескерту жариялады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты 21 наурызға бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 23 м/с артуы ықтимал.
Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.
Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күшейеді.
Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші бөлігінде оның жылдамдығы 15-20 м/с артады.
Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.
- Жаңбыр, қар, екпінді жел: 6 наурыз күнгі ауа райы болжамы
- Алматыда қалың қардың кесірінен ағаштар құлады
- Ақтөбе-Хромтау жолындағы кептеліс: Қозғалысты қалпына келтіру жұмысы басталды
- Елордада екі бағыттағы жол жабылды
-
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
-
Қазақстанның 7 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам