Синоптиктер елорда мен өзге екі өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының нашарлауына байланысты 20 наурызға үш өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола облысының кей жерлерінде тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында түнде және таңертең тұман сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде де тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші кей жерлерінде 15-20 м/с артады.


Соңғы жаңалықтар