Синоптиктер бірнеше өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 7 шілде күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғып, оның күші найзағай кезінде 15-20 м/с жетеді. Түнде және таңертең тұман болады.

7 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі.

7-9 шілдеде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай болжанады. Солтүстіктен соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Шаңды дауыл тұрады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 41 градус қатты ыстық күтіледі.

7 шілдеде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 18 м/с күшейеді.

7 шілде күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман болжанады.


Соңғы жаңалықтар