Синоптиктер 4 өңірде ескерту жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК 13 қыркүйекте ауа райының нашарлауына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғып, күндіз оның күші 15-20 м/с артады.

Күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болжанады.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерде -1-3 градус үсік күтіледі.


Соңғы жаңалықтар