«Синьхуа» агенттігі «ҚазАқпаратты» 100 жылдық мерейтойымен құттықтайды

None
None
БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат – Қытайдың «Синьхуа» ресми ақпараттық агенттігі «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігін 100 жылдық мерейтойымен құттықтады.

«Синьхуа» агенттігінің президенті Цао Минчжао «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ басқарма төрағасы Асқар Умаровқа құттықтау хат жолдады.

«ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Мен «Синхуа» ақпарат агенттігінің атынан Сізге және ҚазАқпараттың барлық қызметкерлерін шын жүректен құттықтаймын.

«ҚазАқпарат» агенттігі - Орталық Азиядағы ең беделді жаңалықтар ұйымы. Осы жүз жылдық кезең ішінде ҚазАқпарат агенттігі Қазақстан мен әлем тарихының жазушысы ғана емес, сонымен бірге Қытай мен Қазақстан арасындағы тату көршілік және достық, сонымен қатар жан-жақты стратегиялық серіктестік қатынастардың куәгері, қатысушысы және насихатшысы болды», делінген құттықтауда.

Цао Минчжао Қазақстан мен Қытай – тату көршілер, жақсы серіктестер және елдер арасындағы тату көршілік және достық қатынастардың үлгісі екенін атап өтті.

Оның айтуынша, «Синьхуа» ақпарат агенттігі мен «ҚазАқпарат» агенттігі Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қатынастар орнағаннан кейін көп ұзамай тығыз және достық ынтымақтастық орнатқан.

«2017 жылдың маусымында біздің тараптар өзара қарым-қатынасты одан әрі тереңдететін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Мен сіздермен екіжақты ынтымақтастықтың тереңдігі мен кеңістігін алға жылжыту үшін жұмыс істеуге дайынмын. Мен сізбен бірге екіжақты ынтымақтастықтың тереңдігі мен кеңдігін алға жылжыту үшін, екі халық арасындағы өзара түсіністікті одан әрі ілгерілету үшін, сондай-ақ «Бір белдеу Бір жол» стратегиясын құру үшін екі ел арасындағы ынтымақтастықта белсенді рөл атқару үшін жұмыс істеуге дайынмын.

«ҚазАқпарат» агенттігі одан әрі табысты дамиды деп сенемін! «ҚазАқпарат» агенттігінің өркендеуін шын жүректен тілеймін! Сізге және «ҚазАқпарат» агенттігінің барлық қызметкерлеріне мықты денсаулық және бақыт тілеймін!», - деді «Синьхуа» агенттігінің президенті Цао Минчжао.


Соңғы жаңалықтар