Симптомсыз коронавирус: Науқастар неліктен ауруханаға жатқызылмайды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой симптомсыз коронавирусқа шалдыққан азаматтарға ауруханаға жатуға неліктен рұқсат берілмейтінін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус инфекциясын белгісі жоқ күйде немесе жеңіл түрде көтеретін азаматтар тұрғылықты жері бойынша учаскелік терапевтің бақылауында болатынын түсіну керек. Ал инфекциялық және провизорлық стационарларға COVID 19 ауруын орташа ауыр және ауыр күйде көтеріп жатқандар, ЖРВИ-мен және пневмониямен ауырғандар жатқызылады», - деді Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алексей Цой Қазақстанда коронавирусты жеңіл және симптомсыз көтеретін адамдарға көшпелі бригадалар ақылы қызмет көрсететінін хабарлаған еді.


Соңғы жаңалықтар