+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

СІМ Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға елге қайту жөнінде кеңес берді

2020 жылғы 27 ақпан 13:21
Бөлісіңіз:
СІМ Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға елге қайту жөнінде кеңес берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореядағы қазақстандықтарға әуе рейстері қысқармай тұрып елге келуді ұсынды. Бұл туралы брифингте ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда коронавирус індетінің алғашқы фактісі қалай анықталды Атырау мұнай өңдеу зауытының қызметкері коронавирус жұқтырған Көкшетаулық кәсіпорын 700-ге жуық өкпе желдеткішін әзірлеуге дайын

«Кеше жариялағанымыздай, әуе рейстері 1 наурыздан бастап қысқарады. Қазақстан азаматтары шектеу қойылғанға дейін үйіне жетіп алғаны жөн. Шектеу қойылғаннан бастап рейстер қысқарады. Сол кезде келгісі келетіндерге рейстер қызмет көрсете алмайды. Оларға үшінші мемлекет арқылы, билетті басқа бағада сатып алуға тура келеді», - дейді Айбек Смадияров.

ҚР СІМ азаматтарға коронавирус жағдайы туралы хабарлады.

«Біздің елшілік азаматтарға Оңтүстік Кореядағы коронавирус туралы хабардар ету бойынша бірқатар шаралар қабылдады. Жедел штаб құрылды, мессенджерде тәулік бойы байланыс телефоны жұмыс істейді және күн сайын азаматтарды консулдық есепке тіркеу жүргізіліп жатыр. Ауру жұқтырғандар мен көз жұмғандар саны өсуде, сол себепті барынша абай болу керек. Корея әзірге жабылмайды, эвакуация туралы айтуға әлі ерте. Жағдайды бақылауда ұстаймыз», - дейді ол.

Біз бұған дейін Оңтүстік Кореяда 35 мың қазақстандық бар екенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Қаһарман

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT