+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

СІМ Грузияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық бойжеткен жайлы мәлімет таратты

2021 жылғы 7 мамыр 21:35
Бөлісіңіз:
СІМ Грузияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық бойжеткен жайлы мәлімет таратты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Грузияда жұмбақ жағдайда қаза тапқан қазақстандық бойжеткенге қатысты ресми мәлімет таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда «Гаухартас» тұрғын үй кешені өртенді Оралда автокөлік әйел адамды қағып кетті Ақмола облысында жерге таласқан әйел көршісінің 10 тонна шөбін өрттеп жіберді

«Грузияның құқық қорғау органдары біздің елшілікке берген ақпаратқа сәйкес, биылғы 5 мамырда Тбилиси қаласындағы бір үйдің терезелерінің астынан Қазақстан азаматының денесі табылған. Алдын ала мәлімет бойынша, аталған қыз 9-қабаттан құлап мерт болған» деп мәлім етті Сыртқы істер министрлігі.

Грузия полициясы өзін-өзі өлтіру халіне жеткізу деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.

Полиция күдіктіні қамауға алды. Басқа ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

«Грузиядағы Қазақстан елшілігінің консулы марқұмның отбасымен үнемі байланыста. Бұл іс елшіліктің ерекше бақылауына алынды. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ел азаматының денесін отанына жеткізуге жан-жақты көмек көрсетіп жатыр» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін бірқатар қазақстандық БАҚ қазақстандық бойжеткеннің Грузияда кенеттен көз жұмғанын хабарлаған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT