СІМ Астана процесіне қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Сириядағы ахуал бойынша келіссөздер өткізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл – Астана процесі аясындағы желтоқсанда өткен кездесуден кейін жоспарланған отырыс еді. Алайда гарант елдер бұл шараны өткізудің нақты мерзімін атаған жоқ. Сол себепті олардан нақты ұсыныстарды күтеміз. Осыдан кейін тиісті шаралар қабылданады», - деді Шахрат Нұрышев Үкіметтің баспасөз орталығындағы брифинг барысында.

Еске сала кетсек ақпан айының соңында ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Жозеп Боррель Сирияның Идлиб аймағында жалғасып жатқан шиеленісті тез арада тоқтатуға шақырған еді.

Ал түрік әскері Сирияның Идлиб аумағында Башар Асад режимінің SU-24 маркалы екі ұшағын атып түсірді.


Соңғы жаңалықтар